$486.19 €554.26 ₽6.51
×

Машинист теміржолға шығып кеткен 5 жасар баланы аман алып қалды

23.06.2026ж. 10:31
Машинист теміржолға шығып кеткен 5 жасар баланы аман алып қалды
Фото: pixabay

Түркістан облысындағы Шорнақ станциясы маңында Алматы–Саратов бағытындағы жолаушылар пойызының машинисі рельс бойында жүрген бес жасар баланы дер кезінде байқап, шұғыл тежеу қолданған.

Пойыз шамамен 70 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан.

Локомотив бригадасының жедел әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды.

Оқиғадан кейін пойыз небәрі 4 минутқа кешіккен.