$487.01 €557.87 ₽6.59
×

Францияда аптап ыстықтан 18 адам қайтыс болды

23.06.2026ж. 14:19
Францияда аптап ыстықтан 18 адам қайтыс болды
Фото: 24.kz

Францияда аптап ыстықтан 18 адам қайтыс болды. Оның үшеуі – қарт адам, екеуі - екі және төрт жасар бала. Тағы 13 тұрғын жексенбіден бері суға кеткен.

Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте елдің батысындағы Бордо қаласында ауа температурасы 42 градусқа жуықтаған. Meteo France қызметі қолайсыз ауа райы қалыптасқанын айтып, қауіптің күшейгенін ескертті.