$486.19 €554.26 ₽6.51
×

Мемлекеттік қызметке қабылау автоматты түрде цифрландыруға көшті

Мемлекеттік қызметке қабылау автоматты түрде цифрландыруға көшті

Елде мемлекеттік аппаратты цифрландыру және қызмет сапасын арттыру бағытындағы реформалар кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Бүгінде 83 мыңнан астам мемлекеттік қызметші еңбек етсе, олардың орташа жасы 41-ге таяп, еңбек өтілі 12 жылдан асқан. Сондай-ақ жүйедегі жастардың үлесі 33 пайыздан кем емес. Осы орайда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде саланың маңыздылығы мен құқықтық негізін қалауға, яғни Мемлекеттік қызмет туралы заңды қабылдауға үлес қосқан Парламент қызметкерлері мен сала үздіктерін марапаттау шарасы өтті.

ДАРХАН ЖАЗЫҚБАЙ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Сервистік ақпаратты қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатыр. Соған орай қазіргі кезде біз мемлекеттік қызметке қабылау, өткеру процестері автоматты түрде цифрландыруға көшті. Біздің негізгі мақсатымыз ЖИ қызмет жүйесін толыққанды қол жетімді жасау.

ҚАРАШАШ ИСМАИЛОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

30 жылға тақау жалпы еңбек өтілім бар. Соның ішінде 27 жылы мемлекеттік қызмет. Қазір енді мемлдекеттік қызметке өте үлкен көңіл бөлінген, жақсы, абыройлы, деңгейі де көтерілді. Сондай-ақ Қазақстанның мемлекеттік қызметкері туралы заң қабылданды.