Таразда тәртіп сақшысының дер кезінде қабылдаған шешімінен адам аман қалды. Бағдаршамның тиым салынған түсіне қарамай жүйіткіген көлікті қуып жеткенде ішіндегі жолаушының қатты ауырып жатқанын байқаған. Сол сәтте жүргізушіні сүйемелдеп, арнайы жарық сигналы мегелкасын қосып артынан еріп жүруін ескерткен. Аруханаға дер кезінде жеткізген. Шұғыл шешім қабылдай білетін тәртіп сақшысымен тілшіміз тілдесті.
Оқиға осы айдың тоғысы күні болған. Аға инспектор Жандос Амантайұлы жұмысқа барар жолда жаяу жүргіншілер бағдаршамның қызыл түсіне тоқтайды. Сол сәтте қарсы беттен Ниссан автокөлігі жылдамдықты асырып бағдаршамның тиым салынған түсіне қарамай өтіп кенкен. Бірден артына түскен тәртіп сақшысы, қуып жетіп тоқтатқан.
ЖАНДОС НАРБАЕВ, ОПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
Автокөлікті тоқтатқан кезде жүргізуші маған түсіндіріп айтты. Алдында отырған әйелі келіншегінің ауыр халды болғанын. Ес-түссіз жатқанын көрдім. Сол себепті мен шешім қабылдадым сопровождение жасауға. Яғни облыстық ауруханаға жедел және кедергісіз жеткіздім.
Жүргізуші шаһар шетіндегі ауданнан шығып науқас келіншегін облыстық ауруханаға апара жатыпты. Таңғы кептеліс, басқа да кедерлігерге қарамай, ереже бұзғанын елемей бірден көлікті алып жүру туралы шешім қабылдаған. Дәрігерлер полицейдің дер кезінде жасаған әрекеті қайғылы жағдайдың алдын алды дейді.
ЕРЖАН ЕСИМОВ, ХИРУРГИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
Науқас түскен бізге Гамзатова Саида 1992 жылғы. Өт жолында өт қапшығында тас тұрып қалған. Приступ өте қатты болғандықтан ол бір-екі, үш минут кешіккенде асқынуы мүмкін. Сол себепті біз екі операция жөнінде өттік. Бүгін Құдай қаласа жақсы жағдайы, аман-есен үйіне оралды.
Ақ халаттылар өлім аузында жатқан науқастың ауруханаға жедел жетуіне септігін тигізген тәртіп сақшысы екенін ескерткен. Оны естіген жолдасы өзіне көмектескен полицейді тауып шынайы алғысын білдірген.
МЕДЕТБЕК МӘДІБЕК, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Полиция қызметіне алғысым шексіз. Қазақ еліне осындай полиция қызметкерлері көп болсын, еліне жеріне адал қызмет ететін. Рахмет, рахметтен басқа айтарым жоқ.
Ал Жандос Нарбаев қызмет барысыда мұндай жағдайлар жиі кездесетінін айтады. Бұл күнделікті жұмысымыздың бір көрінісі ғана дейді. Ең басты сол сәтте уақытты жоғалтпай дұрыс шешім қабылдау керек деп отыр.
ЖАНДОС НАРБАЕВ, ОПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
Мен ерекше ерлік істедім деп айталмаймын. Себебі, менің орнымда басқада қызметкерлер болғанда дәл осылай істер еді. Біздің ең басты мақсатымыз азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларға дер кезінде көмек көрсету.
Ата-анасына қарап, жары екеуі үш қыз тәрбилеп отырған тәртіп сақшысы адамдарға көмек қолын созуды азаматтық борыш санайды.