$465.74 €537.23 ₽5.62
×

26 маусым күні Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

23.06.2026ж. 17:42
26 маусым күні Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Фото: gov.kz

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады. 

— Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 26 маусымда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын, — деп жазылған Өкім мәтінінде.