Қазақстанда әрбір үшінші бала әкесінің назарын жеткіліксіз сезінеді. Осы мәселені көтеру үшін Әкелер күніне орай ұлттық құндылықтарды дәріптейтін фестиваль ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты - әкенің отбасындағы орнын айқындап, жас ұрпақты дәстүрлі тәрбиеге баулу.
Фестивальде балалар ұлттық қолөнер мен ата дәстүрдің қыр-сырын меңгерді. Ер балалар қамшы өріп, ағаш оюды үйренсе, қыз балалар құрақ құрап, ұлттық бұйымдар жасаудың қыр-сырымен танысты. Ал асық ату мен арқан тарту алаңдарында ұлттық ойындар жаңғырды.
МАРАТ ЖҰМАН, «ӘКЕЛЕР ОДАҒЫ» РҚБ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
"Әке көрген-оқ жонар, шеше көрген-тон пішер" дегеннің мағынасы өте терең. Өйткені бала деген, өзім психологпын, бала деген айтқанын емес, көргеннен, іс-қимылдан тәрбие алады. Көбісі қазір ата-аналар қалай, айтып тәрбиелегісі келеді. Бірақ біздің халықтың даналығы бұрыннан бері келе жатқан ол көрсетіп өзі істеп көрсетіп деген. Сондықтан осындай мықты іс шараға келгенге өте қуаныштымыз.
Мамандардың айтуынша, бүгінде көп әке отбасының материалдық жағдайын қамтамасыз етуді басты міндет санайды. Алайда бала тәрбиесіндегі әкенің орны ешнәрсемен алмастырылмайды. Сондықтан ұйымдастырушылар бұл күні тек мерекені емес, жауапкершілікті де еске салуды көздеген.
ШҰҒЫЛА ҚҰДАЙБЕРГЕН, «САРАЙШЫҚ» АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Басты мақсат бұл күнді отбасылық құндылықты дәріптеу, ұлттық дәстүрді дәріптеу, ұлттық ойындарды дәріптеу болып табылады. Өйткені бізде бұл күні тек әкелерге ғана көңіл бөлмей, отбасылық құндылықты дәріптеу.
Фестиваль аясында шеберлік сағаттары, танымдық кездесулер мен ұлттық ойындар ұйымдастырылып, оған 50-ден астам адам қатысты. Ұйымдастырушылар мұндай бастамалар ұлттық құндылықтарды сақтап қана қоймай, әке мен бала арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік береді дейді.