$487.02 €552.23 ₽6.51
×

Екібастұзда жылу желілерінің 90 проценті тозған

AstanaTV
24.06.2026ж. 19:00
Екібастұзда жылу желілерінің 90 проценті тозған

Павлодар облысындағы тозығы жеткен жылу жүйесі мен қысқа дайындық барысы Үкіметтің жіті бақылауында. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев аймаққа арнайы барып, стратегиялық нысандарды тексерді. Мақсат - инфрақұрылымды жаңартуға инвестиция тартып,  тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеу. Айта кетейік, өңірде былтыр  энергетика секторларын жаңғыртудың ауқымды ұлттық жобасы басталған. Әсіресе қыс түссе қалтырайтын Екібастұз қаласында желілердің 90%-ының тозығы жеткен. Ендігі кезекте күрделі жөндеу арқылы апаттық көрсеткішті барынша азайту көзделіп отыр.

ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ,ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біз Павлодар энергия желілерінің иелерімен белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Жеке өзім Қан мырзаны екі рет қабылдадым. Олар бірлесіп қаржыландыруға қатысады, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарынан да, түрлі қазақстандық банктерден де қарыз алады. Егер пайыздық мөлшерлеме жоғары болса, біз оны субсидиялаймыз. Тарифтердің күрт өспеуін қамтамасыз ету - республикалық бюджеттің басты міндеті. Табиғи монополияларды реттеу комитетіне өте қатаң нұсқау берілді, тариф тек негізді түрде, яғни еңбекақы мен өндірістік қажеттіліктер үшін ғана өсуі тиіс.