$487.02 €552.23 ₽6.51
×

Зейнетке шығуға бір жылы қалған басқарма басшысы сотталды

AstanaTV
24.06.2026ж. 19:00
Зейнетке шығуға бір жылы қалған басқарма басшысы сотталды

Таразда зейнетке шығуына бір жыл қалған басқарма басшысы істі болды. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бұрынғы басшысы 3 жыл 6 айға сотталды. Ол кабинетінде 4 млн теңге пара алып тұрған жерінен ұсталған болатын. Шенеунік тергеу барысында өз кінәсін толық мойындаған. Ол қаржыны әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының директорынан талап еткен. Істі болған басшы мемлекеттік қызметте 33 жылдық еңбек өтілі бар, соңғы 3 жылда салалық басқарма басшысы лауазымына дейін көтерілген. Енді үш жылдан аса уақытын абықтыда өткізбек. Айта кетейік дәл осы басқарманың бұрынғы басшысы да 5 жыл бұрын 10 жылға сотталған болатын.

АЛИНА РАЙЫМБАЕВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Аталған азамат Тараз қалалық № 2 сотының үкімімен ҚР ҚК 366 бабының 2 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.