$487.02 €552.23 ₽6.51
×

Шекараны кесіп өтпек болған 15 шетел азаматы ұсталды

Шекараны кесіп өтпек болған 15 шетел азаматы ұсталды

Шекараны кесіп өтпек болған 15 шетел азаматы ұсталды. Заңсыз әрекеттер Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстарында тіркелген. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі хабарлады. Бұған дейін, жыл басынан бері 100 құқық бұзушы ұсталып, заңсыз көші‑қонның 25 арнасы жойылған. Аталған фактілер бойынша заңға сәйкес 178 қылмыстық іс қозғалған. Құзырлылар азаматтарға шекараны заңсыз кесіп өтуге қатысты қылмыстық іс көзделгенін еске салды.