$487.02 €552.23 ₽6.51
×

Жұмыс уақытында құмар ойын ойнаған шенеуніктер қызметінен шеттетілді

Жұмыс уақытында құмар ойын ойнаған шенеуніктер қызметінен шеттетілді

Түркістан облысында мемлекеттік қызметкерлер жұмыс уақытында құмар ойын ойнаған. Сарыағаш аудандық прокуратурасы жүргізген талдау барысында мемлекеттік қызметшілердің заңнама талаптарын, қызметтік тәртіп пен шектеулерді бұзғаны анықталды. Құзырлы органның мәліметінше, мұндай әрекеттер мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары мен қызметтік әдеп талаптарына қайшы келеді.

БАҚДӘУЛЕТ ТӘЖІМЕТ, САРЫАҒАШ АУДАНДЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ:

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша прокуратура тарапынан прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, оны қарау нәтижесінде мемлекеттік органдардың 4 қызметкері атқарып отырған лауазымдарынан босатылды.