$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Флорида штатында 17 адамды атқан күдікті қаруқұмар жан болып шықты

AstanaTV
15.02.2018ж. 20:00
2365
Флорида штатында 17 адамды атқан күдікті қаруқұмар жан болып шықты

АҚШ мектебінде тағы да атыс. 17 адамды жайратып салған Николас Круздың сыныптастарымен сөзге келіп қалғаны анықталды.

Елді дүрліктірген бұл оқиға Американың Флорида штатында болды. Рейтерстің хабарлауынша, адамдарға оқ жаудырған 19 жастағы жігіт қазір ұсталған. Куәгерлердің сөзінше, алдымен мектепте өртке қарсы дабыл қондырғысы іске қосылады. Осыны естіген балалар кабинеттен шыққан кезде Николас Круз оларға мылтықтан оқ жаудырған. Осы оқиғадан кейін полицейлер Николас Круздың әлеуметтік желідегі парақшасын тексеріпті. Круз қолына суық қару ұстап түскен суреттерді жиі жариялаған көрінеді.

Скотт Израиль, Паркленд қаласының шерифі:

Қазір ол қамауда отыр. Біз оны интернеттен тексеріп, әлеуметтік желіге не жазғанын сараптадық. Кезінде нашар тәртібі үшін мектептен қуылған. Бұл аздай, Круздың винтовкасы мен көп мөлшерде оқ-дәрісі болған.