Балалардың қауіпсіздігі мен құқықтық сауаттылығын арттыру – жазғы демалыс кезіндегі маңызды бағыттардың бірі. Елордадағы №28 мектеп-лицейінің жанындағы лагерьде оқушылар түрлі тапсырмалар арқылы заңмен танысып, өз білімдерін тексеріп көрді.
Бұл жолы балалар қарапайым жарысқа емес, тәртіп пен жауапкершілікке жетелейтін ерекше квестке қатысты. Ойын барысында қатысушылар бірнеше бекеттен өтіп, ережелер мен қоғамдық тәртіп бойынша тапсырмалар орындады.
ШАКИРБАЕВ НҰРЛАН, ОҚУШЫ:
Мен қазір сурет салу байқауынан қатысып жатырмын. Маған жазғы Балдаурен лагері өте қатты ұнайды. Біздер Балдаурен лагерінде киноға барамыз, музейге барамыз.
Тапсырмалар балалардың логикалық ойлауын, тапқырлығын және командалық жұмысын дамытуға бағытталды. Олар түрлі өмірлік жағдайларды талдап, қауіпсіздік ережелерін еске түсірді. Сонымен қатар, құқық пен міндеттің ара-жігін ажыратуды үйренді. Квест аяқталғаннан кейін, «Біз заң мен тәртіпті қолдаймыз» атты сурет байқауы ұйымдастырылды.
АЙТХАН АМАНЖОЛОВ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ:
Менің станциям асық ату болады. Нау например шапшаңдық точность қой негізі. Үш сезоннан тұрады бізде. 1 сезоны өтіп кетті. Нау уже 2 сезон аяғы. 29 күні үшінші сезон басталады.
Адал азамат бағдарламасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті және Астана қаласының Білім басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылған. Танымдық жобалар балалардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және қауіпсіз өмір салтын насихаттауға мүмкіндік беретіні анық.