$485.4 €550.69 ₽6.41
×

Алматы облысы «Кітап оқитын ұлт» жобасын жүзеге асыруға кірісті

AstanaTV
25.06.2026ж. 19:00
Алматы облысы «Кітап оқитын ұлт» жобасын жүзеге асыруға кірісті

Кітап - ұлт мәдениетін қалыптастыратын рухани қазына.  Алматы облысы әкімдігінде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында маңызды ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев пен қоғамдық қор төрағасы Бақытжан Тұрлыбеков ресми құжатты бекітіп, республикалық кітап оқу марафонының өңірлік кезеңін бастап берді. Бұл — Мемлекет басшысының елдегі кітап оқу мәдениетін көтеру туралы Жарлығын іске асырудағы алғашқы әрі ең ірі өңірлік қадам. «Көп оқу, саналы оқу, бірге оқу» идеясын ту еткен жобаға «Yandex Qazaqstan» компаниясы да серіктес болып қосылды. Нәтижесінде жетісулықтар үшін 250 мыңнан астам электронды және аудиокітап жинақталған алып виртуалды кітапхана есігін айқара ашпақ.

БАҚЫТЖАН ТҰРЛЫБЕКОВ, «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ – ЧИТАЮЩАЯ НАЦИЯ» ҚҚ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл жобаның маңыздылығы - елімізе биыл, бұйыртса, 1,5-2 млн адам арасында кітап оқытуға әрекеттенеміз. Соның аясында Алматы облысында 100 мыңнан аса адамды қамтимыз деп отырмыз. Қазақстан әлемде кітап оқитын мемлекеттердің қатарында 92-орында.  Біз 5 жылда ондыққа кіруге әрекет жасаймыз.