$486.47 €554.77 ₽6.26
×

"Бұл - ғажайып!": Қиранды астынан 11 жастағы бала аман табылды

29.06.2026ж. 16:29
"Бұл - ғажайып!": Қиранды астынан 11 жастағы бала аман табылды
фото: Maryorin Mendez / AFP via Getty Images

Венесуэладағы жойқын жер сілкінісінен соң Моисес есімді бала үйінді астында шамамен 70 сағат жатқан. Колумбия Қорғаныс министрлігі баланың құтқарылғаны туралы жаңалықты әлеуметтік Х желісінде жариялады.

Ведомство бұл оқиғаны «ғажайыпқа» теңеп, баланың аман табылуы құтқарушыларға үміт сыйлағанын мәлімдеді. 

«Бұл – ғажайып! Моисес аман-есен табылды. Колумбиядан келген USAR COL-1 тобының қирандылар астындағы 70 сағаттық жұмысының арқасында 11 жастағы Моисес құтқарылды. Бұл бізге үміт беріп, аман қалғандарды іздеуге деген сенімімізді күшейтеді», – делінген министрлік хабарламасында.