Алматыда пошта арқылы есірткі салынған сәлемдемені алған жасөспірім ұсталды. Полицияның мәліметінше, күдіктіні Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қалалық пошта бөлімшелерінің бірінен сәлемдемені алған сәтте қолға түсірген. Тексеру барысында пошта жөнелтілімінің ішінен есірткі табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, кәмелетке толмаған бала сәлемдемені танысының өтінішімен алып кеткен. Қазір полицейлер қылмыстық іс қозғады.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Осы есірткі затын таратуға қатысы бар барлық тұлғалар анықталды. Оларды ұстауға бағытталған іс-шаралар жүргізілу үстінде. Міндетті түрде сот химиялық сараптама тағайындалды.