$480.72 €548.07 ₽6.14
×

Алматы әуежайының жолаушы қабылдау мүмкіндігі 19 млн-ға дейін артады

01.07.2026ж. 13:00
Алматы әуежайының жолаушы қабылдау мүмкіндігі 19 млн-ға дейін артады
фото: Almaty.tv

2030 жылға қарай Алматы халықаралық әуежайының жылдық жолаушы қабылдау мүмкіндігі 19 миллион адамға дейін артады. Бұл туралы Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова мәлімдеді.

2026 жылдың алғашқы бес айында әуежайдың халықаралық терминалы 2,2 миллион шетелдік жолаушыға қызмет көрсеткен. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10%-ға көп. Осы уақытта 20,6 мың халықаралық әуе рейсі орындалып, олардың саны 8,6%-ға артқан.

Әуежайды дамыту аясында 2029 жылға дейін жаңғырту жұмыстры жоспарланып отыр. Жобаның жалпы инвестиция көлемі – 362 миллион АҚШ доллары.