$480.72 €548.07 ₽6.14
×

Астанада келер жылы жаңа әуежайдың құрылысы басталады

01.07.2026ж. 13:18
Астанада келер жылы жаңа әуежайдың құрылысы басталады
фото: pixabay

Астана маңында жаңа халықаралық әуежайдың құрылысы 2027 жылы басталады. Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан кейін жобаны дайындау жұмыстары жеделдетілді. Қазіргі уақытта елорда әкімдігі тиісті дайындық шараларын жүргізіп жатыр

Жаңа нысан елдің транзиттік әлеуетін арттыруға және жүк авиациясын дамытуға бағытталған.