$479.26 €546.21 ₽6.13
×

Қазақстанда есірткіге қарсы айлық өтті: 1700-ге жуық іс-шара өткізілді

Қазақстанда есірткіге қарсы айлық өтті: 1700-ге жуық іс-шара өткізілді
фото: ОКҚ

Есірткіге қарсы айлық аясында ел бойынша кең ауқымды профилактикалық, ақпараттық-түсіндіру, мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлады ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары полиция полковнигі Қуандық Әлжанов.   

«Есірткіге қарсы ауқымды іс-шаралар моноқалалар мен ауылдық жерлерде ұйымдастырылып, құқықтық түсіндіру жұмыстарына баса назар аударылды. Есірткіге қарсы айлық кезеңінде, яғни 25 мамыр-26 маусым аралығында барлығы 330 мыңнан астам адамды қамтитын 1700-ге жуық іс-шара өткізілді», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.