$474.47 €541.37 ₽6.08
×

Елордада Конституция аясындағы дамудың құқықтық бағдарлары талқыланды

AstanaTV
02.07.2026ж. 19:00
Елордада Конституция аясындағы дамудың құқықтық бағдарлары талқыланды

Жаңа Конституция азаматтардың өмірін қалай өзгертеді? Елордада бас қосқан отандық және халықаралық сарапшылар осы сұраққа жауап іздеді. Президент Іс басқармасы жанындағы Парламентаризм институты ұйымдастырған дөңгелек үстелде құқық үстемдігін нығайту, адам бостандықтарын қорғау және мемлекеттік саясатты жетілдіру мәселелері кеңінен сөз болды. Ауқымды жиынға Конституциялық Сот өкілдері, сондай-ақ Ресей, Өзбекстан сияқты шет елдердің жетекші заңгер-ғалымдары қатысты. Басқосуда жаңа конституциялық құндылықтарды іске асырудың маңыздылығы мен әр азаматтың заңға деген құрметі басты орынға шықты.

НАТАЛЬЯ ДЕМЕНТЬЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІНІҢ VIII ШАҚЫРЫЛЫМ ДЕПУТАТЫ:

Менің ойымша, Конституцияның жалпы жүзеге асырылуы - әр адамның сана-сезімінен пайда болатын іс-әрекет. Егер біз өзіміздің сана-сезімімізбен, өзіміздің ойымызбен, өзіміздің іс-әрекетімізбен Конституцияның мән-мағынасын, Конституцияның міндетін, Когнституцияның шеңберіндегі "Заң мен тәртіп" қағидатын сақтайтын азамат ретінде өзімізді сезбесек, онда Конституцияның маңызы жоғалады.