$511.22 €540.05 ₽4.73
×

Екі жылдан соң ауыл халқы мемлекеттік қызмет алу үшін қалаға сабылмайтын болады

AstanaTV
16.02.2018ж. 20:00
1963
Екі жылдан соң ауыл халқы мемлекеттік қызмет алу үшін қалаға сабылмайтын болады

Ауыл тұрғындары мемлекеттік қызмет алу үшін қала мен аудан орталықтарына сабылмайтын болады. Әкімдік құжаттары онлайн жүйеге көшірілсе, елді мекендердегі фельдшерлер шұғыл жағдайда білікті дәрігерлерден онлайн-кеңес ала алады. Ал ауыл мектептерінде білім сапасы  қалалық деңгейге жетеді. Бұл туралы Ақпарат және коммуникация министрлігінің кеңейтілген жиынында айтылды. Жоба "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынған.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

Министрлік ҚР-ның ауылдық жерлерінде талшықты-оптикалық желі байланысының құрылысын биыл бастайды. Жоба 2020 жылға дейін жүзеге асырылып, 1 249 ауылды қамтитын болады. Бұл министрлік үшін әлеуметтік маңызы бар бастамалардың бірі болып отыр.

Бұдан былай арнайы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында кезек азаймақ. Жарты жыл ішінде тұрғындар көліктерін электронды түрде тіркей алатын болады. Мұны вице-премьер Асқар Жұмағалиев айтты. Биыл "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы қарқын алады. Министрлік ол үшін 5 бағытта жұмыс істемек. Ол барлық саланы қамтиды және жаңашылдық ешкімді айналып өтпейді.

Айта кетейік, қазір елде халықтың 77 пайызы интернет қолданады. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 4 пайызға артық. Ғаламтор қолданушылар саны жағынан Қазақстан 137 елдің ішінде 36-шы орында.