Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Елде жалақы қарызы 2,2 млрд теңгеге жеткен

AstanaTV
16.02.2018ж. 20:00
2267
Елде жалақы қарызы 2,2 млрд теңгеге жеткен

Елде жалақы бойынша қарыз 2,2 млрд теңгені құрайды. Оның 84 пайызы банкротқа ұшыраған компаниялардың берешегі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова осылай деп мәлімдеді. Былтыр 25 мың жұмысшыға 3 млрд теңге көлеміндегі еңбекақы қарызы толық төленген. Министрдің айтуынша, жылына бір жарым мыңдай адам өндірістік жарақат алады. Екі жүз елуге тарта жұмысшы қаза болады екен. Жұмыс беруші мен жұмыскер арасында келісімнің көп жағдайда дұрыс жасалмауы, құқықтық сауаттың төмендігі әлі де кездеседі. Осыларды атап өткен министр, биыл еңбек қатынасын реттейтін жаңа заң әзірленетінін жеткізді.

Мәдина Әбілқасымова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

Министрлік, Кәсіпкерлер палатасы және кәсіподақтармен бірлесе еңбек қатынастарын реттейтін заң жобасын құрастырады. Онда жалдамалы жұмысшылар жайы, еңбек қауіпсіздігі мен еңбек шартына отыруды электронды тіркеу жолдары қамтылады.