$472.03 €540.29 ₽6.11
×

БҚО-да аң аулауға шыққан ер адам абайсызда атып өлтірді

БҚО-да аң аулауға шыққан ер адам абайсызда атып өлтірді
Фото: grodno-hunting.by

Батыс Қазақстан облысында аң аулауға шыққан ер адам абайсызда танысын атып өлтірді.

Екі таныс далада аң аулап жүрген. Бірнеше қоян атқаннан кейін олардың бірі мылтығын тазаламақ болған. Сол сәтте шүріппені абайсызда басып алған. Атылған оқ жанында тұрған танысының ішіне тиіп, оқиға орнында көз жұмды.

Тергеу барысында қайғылы оқиға қауіпсіздік талаптарының өрескел бұзылуынан болғаны анықталды. Оқ атқан азамат абайсызда адам өліміне әкеп соқтырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот айыпталушының өкініш білдіруін, кінәсін толық мойындауын және кәмелетке толмаған балаларының бар екенін ескерді. Нәтижесінде оған пробациялық бақылаумен 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.