Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Қытайда Шығыс күнтізбесіне сай жаңа жыл мерекесін тойлау басталды

AstanaTV
16.02.2018ж. 20:00
3850
Қытайда Шығыс күнтізбесіне сай жаңа жыл мерекесін тойлау басталды

Қытайда мыңдаған адам фейерверктерді жаппай сатып алуға кіріскен. Шығыс күнтізбесіне сай бұл елде жаңа жыл мерекесін тойлау басталды. Рейтерстің хабарлауынша, Аспан асты елінің халқы осы күндері шіркеуге барып, діни салт-жоралғылар жасауға кіріскен.

Халық Жаңа ит жылының табысты боларына сенеді. Сондай-ақ бұл мерекеде барлық отбасылар Жаңа жылдың символы саналатын ұлттық тағам тұшпараны пісіреді. Оны жанұя мүшелері жабыла әзірлеп сүйсіне жеуі керек. Қазір айнала әсем көрініске бөленген. Шамы бар қызыл әшекейлер көздің жауын алады. Қытайлықтардың наным-сенміне сай, қызыл түс - байлық пен табыстың белгісі.

Ит жылында балалар мен ата аналарымызға бақыт пен денсаулық тілеймін. Барлығының арманы орындалсын. Жаңа жыл құтты болсын!