$472.03 €540.29 ₽6.11
×

Атырауда дронның көмегімен абаттандыру қағидаларын бұзған 10-нан астам құқық бұзушының жолы кесілді

Атырауда дронның көмегімен абаттандыру қағидаларын бұзған 10-нан астам құқық бұзушының жолы кесілді
Polisia.kz

Атырауда дронның көмегімен абаттандыру қағидаларын бұзған 10-нан астам құқық бұзушы анықталды.

"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында Атырау қаласында Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері абаттандыру қағидаларының сақталуын бақылау мақсатында кезекті рейдтік іс-шара өткізді. Рейд барысында көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен қоғамдық орындардың тазалығын сақтау, тұрмыстық қалдықтарды арнайы белгіленген орындарға шығару, қоршаған ортаны ластамау және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша тұрғындар арасында профилактикалық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жыл басынан бері Атырау қаласында абаттандыру қағидаларын бұзудың 2800-ге жуық дерегі тіркелген. Кезекті рейд кезінде дронның көмегімен бір күннің өзінде 10-нан астам құқық бұзушылық анықталды. Мәселен, 4 шілде күні Тасқала ықшам ауданында қоқыс қалдықтарын белгіленбеген жерге төккен азық-түлік дүкенінің иесі анықталып, оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды насихаттау және қала аумағының тазалығын қамтамасыз ету.