$472.03 €540.29 ₽6.11
×

Домбыра үнімен үндескен мереке: Маңғыстауда полицейлер "Адай" күйін орындады

Домбыра үнімен үндескен мереке: Маңғыстауда полицейлер "Адай" күйін орындады
Polisia.kz

Ұлттық домбыра күніне орай Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мерекелік іс-шараға қатысып, қазақтың әйгілі "Адай" күйін орындады.

Домбыра – қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен рухани мұрасының, төл болмысы мен ұлттық болмысының ажырамас белгісі. Ал аңызға айналған "Адай" күйінің орындалуы ата-бабадан мирас болып жеткен асыл дәстүрлерге, ұлттық өнер мен мәдени құндылықтарға деген зор құрметтің айқын көрінісі болды. Мұндай тағылымды іс-шаралар ұлттық мұраны сақтау мен дәріптеуге, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыруға, халық бірлігін нығайтуға, сондай-ақ ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып, Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне деген құрметті арттыруға ықпал етеді.