Ведомство судағы қауіпсіздік ережелерін сақтап, өрт қаупі жоғары кезеңде отқа абай болуға шақырды.
Төтенше жағдайлар министрлігі жазғы демалыс кезінде азаматтар жиі жіберетін қауіпті қателіктерді атап, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
Ведомствоның мәліметінше, шомылу маусымында қайғылы оқиғалардың басым бөлігі суға түсуге тыйым салынған немесе арнайы жабдықталмаған су айдындарында болады.
Осыған байланысты ТЖМ қазақстандықтарға мынадай қауіпсіздік талаптарын сақтауды ескертті:
балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмау және оларды ересектердің қарауынсыз шомылдырмау;
шомылуға тыйым салынған, арнайы жабдықталмаған жерлерде, сондай-ақ «Шомылуға болмайды», «Сүңгуге болмайды», «Қауіпті! Иірім» белгілері қойылған аумақтарда суға түспеу;
ТЖМ қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығын қорғауға көмектесетінін атап өтті.
Сонымен қатар министрлік өрт қаупі жоғары кезеңде, әсіресе орман мен дала алқаптарында, отты абайлап пайдалану қажеттігін еске салды.