$472.03 €540.29 ₽6.11
×

Қазақстандық оқушылар Еуропалық география олимпиадасында тарихи нәтиже көрсетті

Қазақстандық оқушылар Еуропалық география олимпиадасында тарихи нәтиже көрсетті
Фото: aiqyn

2026 жылғы 27 маусым мен 3 шілде аралығында Болгарияның Варна қаласында өткен Еуропалық география олимпиадасына (European Geography Olympiad, EGeo) 13 мемлекеттен 100 оқушы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстанның 9 оқушыдан құралған ұлттық құрамасы 2 алтын, 5 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, команданың барлық мүшесі жүлдегер атанды.

Бұл – Қазақстанның Еуропалық география олимпиадасына қатысу тарихындағы ең үздік нәтиже.

Олимпиада барысында қатысушылар физикалық, әлеуметтік-экономикалық және аймақтық география бойынша теориялық және практикалық тапсырмаларды орындап, картографиялық материалдар мен географиялық деректерді талдау дағдыларын көрсетті.

Алтын медаль иегерлері:

Андрей Енбахтов - Қостанай қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы;

Сырым Амантай - Қарағанды облысындағы Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.

Күміс медаль иегерлері:

Дарын Бекбол - Жетісу облысы, Талдықорған қаласындағы Мұхтар Арын атындағы №24 мамандандырылған лицейдің 10-сынып оқушысы;

Азамат Жумажанов - Ақтөбе облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;

Айдос Серікбай - Алматы облысы, Есік қаласындағы А. Мәлкеев атындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

Шынғыс Мүрсәлім - Павлодар қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы;

Нұрай Бакеева - Солтүстік Қазақстан облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.

Қола медаль иегерлері:

Амир Дарынов - Шығыс Қазақстан облыстық «Білім-инновация» лицейінің 11-сынып оқушысы;

Алан Козленко - Шығыс Қазақстан облыстық «Білім-инновация» лицейінің 11-сынып оқушысы.

Ұлттық құраманы жарысқа география пәнінің мұғалімі Нұрмағамбет Данат Мұратұлы (IQanat High School of Burabay) мен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының әдіскері Шайхина Орал Бекболатқызы дайындап, жетекшілік етті.