$472.03 €540.29 ₽6.11
×

Қазақстанға шетелдік көліктердің кіруіне шектеу енгізілді

07.07.2026ж. 17:38
Қазақстанға шетелдік көліктердің кіруіне шектеу енгізілді
Фото: 24.kz

Қазақстанда жанар-жағармай материалдарын (ЖЖМ) шекара арқылы заңсыз әкетудің алдын алу бойынша кешенді шаралар қабылданып жатыр. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев айтты. 

Вице-министрдің айтуынша, қазір басты назар жанармайды заңсыз шетелге шығаруға пайдаланылатын қосымша жанармай багы орнатылған көліктерді анықтауға аударылған. Бұл жұмыстарды Ішкі істер министрлігі, Қаржылық мониторинг агенттігі, Шекара қызметі және кеден органдары бірлесіп жүргізіп жатыр.