Атырау-Ақтөбе тас жолында жол апаты болды. Көліктегі 6 жолаушы түрлі жарақатпен облыстық ауруханаға жеткізілген. Арасында зейнеткерлер бар. Оқиға республикалық жолдың 582-315 шақырымында болған. Соқтығысқан Toyota Alphard және Volkswagen Polo көліктері аударылып қалған.
ӘДІЛБЕК ШАХМЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталуда. Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жолдағы қауіпсіздік – әрбір жүргізушінің жауапкершілігі.