$471.04 €538.54 ₽6.17
×

Павлодарда қос азаматтық алғандар жауапқа тартылды

07.07.2026ж. 19:00
Павлодарда қос азаматтық алғандар жауапқа тартылды

Павлодарда қос азаматтық алған 12 адам жауапқа тартылды. Олар екі елдің құжатын иемденіп, жеңілдіктерді пайдаланып келген. Биылғы жылдың 6 айында  332 адам Қазақстан азаматтығынан айырылған. Басқа елдің тіркеуіне өткен 18 адам құжат алғаны туралы уақытылы хабарламаған. Павлодар облысының полиция департаменті заң бұзған тұлғаларды жауапгершілікке тартты.

АҚҚАЛИ АҚҚАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:

Мәселен, полиция қызметкерлері ҚР азаматы бола тұра 2022 жылы Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдап, Ресей құжатын алған әйелді анықтады. Алайда, ол бұл деректі жасырған және Қазақстан азаматтығын пайдалануды жалғастырған. Көші-қоны қызметінің қызметкерлері құқық бұзушыны әкімшілік жауапгершілікке тартып, оған 735 250 теңге көлемінде айыппұл салды.