«Әділет» партиясының алаңында бизнес өкілдері, экономистер, заңгерлер мен сарапшылар бас қосты. Экономика мен құқық жайы талқыланған жиында тұрғындардың тұрмысына тікелей әсер ететін мәселелерге ерекше назар аударылды. Сонымен бірге, партия төрағасы Айбек Дәдебай Заң нақты экономиканы ескерген жағдайда ғана жүйелі жұмыс істейтінін атап өтті. Расында ел табысты болу үшін,қай салада болмасын заң үстемдік құру қажет.