$471.04 €538.54 ₽6.17
×

Алматыға медициналық қызмет көрсетуге лицензиясы бар алғашқы ұшатын госпиталь жеткізілді

Алматыға медициналық қызмет көрсетуге лицензиясы бар алғашқы ұшатын госпиталь жеткізілді

Алматыға медициналық қызмет көрсетуге лицензиясы бар алғашқы ұшатын госпиталь жеткізілді. Қытайда құрастырылған С909 медициналық ұшағында операциялық бөлме, тексеру жабдықтары және телемедицина жүйесі орнатылған. Ұшатын госпиталь көз және құлақ, мұрын, тамақ ауруларына операция жасауға бейімделген. Сонымен қатар науқастарды тасымалдауға және төтенше жағдай кезінде мобильді медициналық орталық ретінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

СҮНДЕТҚАЛИ  ҚАЛМАХАНОВ, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ, МЕДИЦИНА ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ:

Бұндай жабдықталған ұшақтардың басты мақсаты, тұрғындарға жергілікті жерде қызмет көрсету, амбулаторлық деңгейде операция жасау. Өзіміз жаңа көріп шыққандай бұл ұшақ толықтай жабдықталған. Мысалыға, айтқанда Қазақстанның кез келген аймағына ұшып барып сол жердегі жергілікті халыққа көмек көрсетуге толыққанды мүмкіндігі бар.

ЧЖОУ СИНЬТАО, ФУДАНЬ УНИВЕРСИТЕТІ ЖАНЫНДАҒЫ ОФТАЛЬМОЛОГИЯ ЖӘНЕ ОТОРИНОЛАРИНГОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Медициналық ұшақты таныстыру салтанантына келгеніме қуаныштымын және біз осы іс-шарада Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірге келісім-шартқа отырдық. Болашақта медициналық зерттеу жұмыстарын бірге атқаратын боламыз.