Елордада Astana AI Week 2026 халықаралық ғылыми-инновациялық апталығы өтіп жатыр. Бағдарлама аясында ғылыми-эксперттік семинар, инновациялар көрмесі және хакатон ұйымдастырылған. Қатысушылар жасанды интеллектіні экономикаға, мемлекеттік басқаруға және қалалық ортаға енгізудің тиімді жолдарын ұсынып, тәжірибе алмасып жатыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шара жас ғалымдар мен стартаптарды қолдауға, халықаралық әріптестікті нығайтуға және Астананың жасанды интеллект саласындағы өңірлік технологиялық орталық ретіндегі әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
ДИДАР ЕДІЛХАН, ASTANA IT UNIVERSITY ЖАНЫНДАҒЫ SMART CITY ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Бұл – мемлекет пен университеттің түрлі бағыттағы шешімдерән бірлесіп дамытатын алаң. Бағдарлама үш күнге жоспарланған: бірінші күні – ақылды қалаларға арналған жасанды интеллект шешімдері, екінші күні – медицина мен денсаулық сақтау саласындағы AI қолдану, ал үшінші күні – жасанды интеллектке қатысты жалпы шешімдер қарастырылады.