$471.04 €538.54 ₽6.17
×

Астаналық цирк ерекше тарту жасалды

AstanaTV
07.07.2026ж. 19:00
Астаналық цирк ерекше тарту жасалды

Астана күніне орай елорда тұрғындары мен қонақтарына ерекше тарту жасалды. Қалалық циркте мерекеге арналған жаңа шоу ұсынылып, акробаттар, гимнастар мен сайқымазақтар өнері көрсетті. Тіпті қала күніне орай жаңа бағдарлама ұсынған.

Әуеде қалықтаған акробаттар, таңдай қақтырған трюктер мен көрерменді күлкіге бөлеген сайқымазақтар. Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама цирк сүйер қауымды тәнті етті. Олай дейтініміз жаңа бағдарламаға бұған дейін болмаған қойылымдар қосқан.

АЙБЕК ТҰРАТБЕКҰЛЫ, АСТАНА ЦИРКІНІҢ ӘРТІСІ:

Таяқтың үстінде бізде верхный деп қоямыз. Сол бала секіреді. Біз астынан лақтырамыз. Трюктерді атайтын болсақ, 2 угла бар. 2 твиста деген трюктар бар. Бүгін бірінші рет үш сальто жасайын деп тұрмыз қазір.

Бағдарламада әуе гимнастары, жонглерлер мен үйретілген жануарлардың қойылымдары ұсынылды. Мерекелік бағдарлама бірнеше ай бойы дайындалған. Қойылымда заманауи жарық және дыбыс технологиялары қолданылып, көрерменге ерекше атмосфера сыйлады.

АЙСҰЛУ ӘБДІКЕРІМҚЫЗЫ, АСТАНА ЦИРКІНІҢ ӘРТІСІ:

Номерлерде барлығы ешқандай страховкасыз жасалатын номерлер бар. Барлығы да қауіпті номерлер. Бізде циркте ешқашанда қауіпсіз номер, қауіпсір трюк деген болмайды. Барлығы да қауіпті трюктер жасалады.

Мерекелік қойылымды тамашалағандардың басым бөлігі отбасысымен келген. Әсіресе, балалар әртістердің шеберлігіне сүйсініп, қойылымды ерекше ықыласпен қабылдады.