20 мыңнан астам кітап оқыған. Қарағандылық шопан Мінәжат Исабеков балалық шағынан қой бағып жүріп кітапты жанына серік еткен. 75 жастағы қария әлі күнге дейін қымбат қазынаны қолынан тастаған емес.
Бұл Қарағанды облысындағы Тәттімбет ауылының кітапханасы. 18 920 кітап қоры бар. Мінәжат ата сол шығармалардың барлығын білетін жалғыз адам. Ауылға келген әрбір жаңа кітап ең алдымен қарияның қолынан өтеді. Әсіресе тарихи шығармалар мен шытырман оқиғалы туындыларды жақсы көреді.
МІНӘЖАТ ИСАБЕКОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
Баяғыда тарихи кітаптар аз болды. Ілияс Есенберлин жаза бастаған соң оқыдық. “Ілияс Есенберлиннің үш кітабы: “Көшпенділер” үш кітап боп шықты ғой әуелде. Қабдеш Жұмаділовтің кітаптары: “ Соңғы көш”. “Абай жолы” да тарихи кітап” қой өзің білесің, ұазақтың бүкіл несін қопарады, дүниесін.
Мінәжат ата бала кезінде оқуға мүмкіндігі болмай 50 жыл қой бақты. Жазық далада зерікпеу үшін 11 жасында ертегілерді оқып бастаған. Ал бала кезде танысқан салмақты туындысы – Мұхтар Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы». Шығармада жазылған әр сөйлемді жатқа біледі. 75 жастағы қария осылай 20 мыңнан астам кітап оқыған. Бір кітапты орта есеппен екі күнде тәмамдайды. Кейбір шығармаларды қайталап оқып шығады.
ЗУЛЬФИЯ РАХИМОВА, КІТАПХАНАШЫ:
Кейбір жаңа келген кітаптарды берем, ол кісі айтады: бұның құр мұқабасы ғана жаңартылған, бірақ ішінде ескі көшірілген әдебиет дейді. Ол кісі көбінесе аптасына бір рет, екі реттен келеді. Өзі келе алмаған жағдайда апаны жібереді. Атаң келе алмай қалды , мені жіберді кітап таңдап берші деп апа келеді кітаптарға.
КҮМІС МҰҚЫШЕВА - АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
Бір пакет береміз қолына, өзінің шамасынша 10-15 кәтап алып келеді. Соны оқиды. Ішіндегі әңгімелерін арасында бізге айтады. Келген кісілермен дауласуы бар. Жоқ, ол былай жазылған ана кітапта дұрыс емес, ана кітапта дұрыс деп оның бәрін қате жібермейді.
50 жыл қой баққан шопанның ойы ұшқыр, ақылы зерек. Қазір зейнеткер үшін бұл хоббиі- «Миды қартайтпаудың бір жолы”. Бұл – көзге де, көңілге де пайдалы жаттығуды ол қазір немерелеріне үйретіп жүр.