$471.04 €538.54 ₽6.17
×

«Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өтеді

«Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өтеді
Әділет партиясы

2026 жылғы 10 шілде күні сағат 12:00-де «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өтеді. 

Съезге дайындық жұмыстары басталды. Іс-шараға партия делегаттары, өңірлік филиалдардың өкілдері, басшылық органдарының мүшелері және өзге де қонақтар қатысады.

«Əділет» партиясының кезектен тыс III Съезінің жұмысын жариялау үшін екінші қабатта іс-шараның тікелей көрсетілімі ұйымдастырылатын баспасөз орталығы жұмыс істейді. Съезд қорытындысы бойынша БАҚ өкілдері үшін баспасөз конференциясы өтеді.