Қарағандыда төрт көлік соқтығысып, екі жүргізуші ауруханаға түсті, деп хабарлайды Astana TV.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға Бұқар жырау даңғылында болған. Lada Priora, Chery, Kia Optima және Chevrolet Aveo маркалы көліктердің соқтығысуы салдарынан алғашқы екі көліктің жүргізушілері медициналық мекемеге жеткізілді.
Қазір аталған дерек тіркеліп, апаттың мән-жайы анықталып жатыр.