Алтын Орда - Еуразия төрінде ислам өркениетінің жаңа ошағын жаққан ұлы мәдениет. Жошы ұлысында Өзбек ханның тұсында ислам діні мемлекеттік мәртебеге ие болып, көшпенділер салты мен мұсылмандық мәдениеттің ғажайып үндестігі басталды. Бұл кезең - сәулет өнері, ғылым мен әдебиеттің гүлденген алтын ғасырына айналды. Ғалымдар бүгінгі қазақ қоғамының дәстүрлі діни танымы мен рухани құндылықтарының тамыры дәл осы Орда дәуірінен бастау алатынын айтады.
ӘДІЛБЕК ҚАРАТАЕВ, ЖОШЫ ҰЛЫСЫ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
Біздің Қазақстан көп ұлтты елміз. Көп діндік елміз. Соның барлығы Алтын Орда кезінде болған, содан қалыптасқан. Бір жерде, біздің жерімізде көп ұлттар, діндер өзара бейбіт өмір сүру, ол сол кездегі саяси, мәдени салт деп білеміз.