$467.98 €533.87 ₽6.11
×

Оралдық әнші 101 әнді бес жарым сағат тоқтамай шырқап, рекорд жаңартпақ

08.07.2026ж. 19:00
Оралдық әнші 101 әнді бес жарым сағат тоқтамай шырқап, рекорд жаңартпақ

Оралдық өнерпаздар 101 әнді бес жарым сағат бойы тоқтамастан шырқаған семейлік Қайрат Қабышев орнатқан әлемдік рекордты жаңғыртпақ. Мақсат - қазақтың дәстүрлі ән өнерін әлемге таныту.  Бұл айтулы оқиғаны ерекше рекордтарды есепке алатын халықаралық ұйым ресми түрде тіркейді. Уәделі күн қыркүйек айына жоспарланған.

БЕРІК ЖҮСІП, ЭТНОМУЗЫКАТАНУШЫ:

Қойылған бірінші рекорд және қойылады деп тұрған екінші рекордтан Батыс Қазақстан өңірінің айырмашылығы: биыл Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық академиялық филармонияның 60 жылдық мерейлі мерекесі. Рекорд филармания ұжымының атынан қойылады.

74 жастағы Қатимолла Бердіғалиев алғашқы тыңдалымда тоқтамастан 42 әнді шырқады. Өнерпаздың репертуарында 500-дей ән бар. Ол бұл туындыларды домбыра ғана емес, оркестр мен күйсандықтың сүйемелдеуімен де орындайды. Ал Қайрат Какимов білетін шығармалар саны 150-ден асады.

ҚАЙРАТ КАКИМОВ, ӘНШІ:

"Батыс Қазақстан ән антологиясы" деген дискімді 132 әнімен шығардым. Енді былай запиське барғанда 25 әнді тоқтамастан жазғаным бар. Осы хабарды естігеннен кейін өзімді бір байқап көрейінші деп үйде отырып, тоқтамастан 55 әнді айтқам. Соған қарағанда мүмкіндігім бар екен деп ойладым.