«Байтақ» жасылдар партиясының сайлауалды съезі ішкі текетіріспен басталды. Бір топ партия мүшелері ғимаратқа кіре алмай, сыртта наразылық танытты. Жиын барысында саяси кеңес мүшесі мінберге шығып, төраға Азаматхан Әміртайды ауыстыруды талап етті. Ол партияның жұмысын және 2023 жылғы Мәжіліс сайлауындағы нәтижені сынға алды. Айта кетейік, DATAmetrics-тің жуырдағы зерттеуі бойынша, партияның қазіргі рейтингі 1,1%-ға дейін төмендеген. Алдағы Құрылтай сайлауына партия атынан 51 кандидат ұсынылып отыр.
АЗАМАТХАН ӘМІРТАЕВ, «БАЙТАҚ» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Біз жасыл кәсіпкерлікті дамытамыз. Жасыл іскерлікті яғни біз елдерге жеткіземіз егер сен қоршаған ортаны қорғайтын болсаң, онда сен осы салада өзіңді асырай аласың және жанұяңды асырай аласың. Тек қана осы мәдениетке үйрен деп бағыттаймыз. Біздің лозунгымыз бар партиямыздың "Ауылдарға таза су, қалаларға таза ауа" деген. Мәне осы бақытта біз жұмыс жасап жатырмыз.