Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Арнайы мұқтаждығы бар 75 балаға секцияларда жаттығуға мүмкіндік берілді

AstanaTV
19.02.2018ж. 20:00
2962
Арнайы мұқтаждығы бар 75 балаға секцияларда жаттығуға мүмкіндік берілді

Астанада «Тең мүмкіндіктер әлемі» атты алғашқы балалар инклюзивті спорт фестивалі өтті. Бұл іс шараға «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы ұйытқы болған. Фестиваль «Астана - рухы мықты жандар қаласы» атты бағдарламаның аясында өтіп отыр. Сондай-ақ фитнес-клубтар мен оқушылар сарайында мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған 6 түрлі секция ашылды. Қазір оларға 75 бала барып жүр. Инклюзивті спорт фестивалінде жас таеквондошылар, жүзгіштер мен бишілер спорт пен шығармашылықтағы  жетістіктерін көрсетті.

Владислав Сергеев, «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары:

Былтыр оқушылар сарайы базасында, фитнес-орталықтарда таэквондо, каратэ балаларына арналған үйірмелер ашылды. Ал бүгін, алты айдан кейін, біз осындай фестиваль өткізіп отырмыз.

Ерлан Ахмеди,  "Нұр Отан" партиясы Астана қалалық филиалының консультаны:

Менің ойымша, бүгінгі фестивальді мүмкіндігі шексіз балалардың жарысы деп атасақ, дұрыс болады. Сондықтан да «Нұр Отан» партиясы "Кедергісіз келешек" атты партиялық жобаның аясында осындай рухы биік, мүмкіндігі шексіз жандарға әрдайым жан-жақты қолдау білдіруде.