$494.87 €520.65 ₽4.91
×

БжҒМ мектеп директорлары мен колледж мұғалімдерінің де айлығын көтеруді қолға алмақ

AstanaTV
20.02.2018ж. 20:00
6897
БжҒМ мектеп директорлары мен колледж мұғалімдерінің де айлығын көтеруді қолға алмақ

Бұдан былай мектеп мұғалімдеріне «кәсіби мұғалім» деген жаңа санат беріледі. Олардың негізгі айлығына 50 пайыз үстеме қосылмақ. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов айтты. Бүгін мәжілісте мұғалім мамандығының беделін арттыру мәселелері қаралды. Мұғалім жалақысымен бірге мәртебесі қалай өседі? Дәуренбек Бақдәулетұлы баяндайды.

Дәуренбек Бақдәулет, тілші:

Биылдан бастап жаңартылған оқу процесінде білім алған ұстаздар айлығы 30 пайызға көтерілгені белгілі. Алайда, колледж мұғалімдері, мектеп директорлары мен орынбасарлары бұл бақыттан шет қалды. Бұл олқылықтың орнын толтыру үшін олар алдымен аттестациядан өтеді. 

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:

Мұғалімдердің біз біліктілігіне байланысты біліктілігін арттырып, жалақысын көтерейік деп жатырмыз. Осы механизмді алып, директорлар мен завучтерге деп жеткізіп, осындай механизммен шешу керек деп есептейміз.

Бұдан өзге енді «кәсіби мұғалім» деген түсінік қалыптасады. Бұл ең жоғары санатты педагог. Сондықтан айлығына 50 пайыз қосылады. Биыл ұстаздардың айлығын көтеруге республикалық бюджеттен 70 млрд теңге қарастырылған. Алайда жалақымен бірге мұғалім беделі көтерілмей тұр.

Бақытгүл Хаменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Сабаққа келіп, шашын жұлып ауырухана жатқызған да ата-ана болып шықты былай қарағанда.  Соғатын да мұғалім, ұрысатын да мұғалімге айналды шындығында. Мәртебесін көтеру - ол бүгінгі таңда өзекті проблема.

Ержан Жұмаділов, Жамбыл облысы дарынды ер балаларға арналған мектеп интернат мұғалімі:

Проблемалардың бірі - мұғалімнің жетіспеулігі. Одан соң мұғалімдер қағазбасты, яғни қағазбен көп жұмыс жасайды.

Енді ұстаздар қағазбастылықтан құтылады. Бұдан былай мұғалім сабақ жоспары, күнтізбелік жоспар және сынып журналынан өзге ешқандай қағаз толтырмауына құқылы. Министрлікте осындай жарғыға қол қойылған. Ал одан өзге қағаз жазу - заңға қайшы. Министрлік мұны өз бақылауына алмақ. Бұдан былай мұғалімдер ұртоқпақтың астында қалмау үшін, мектеп пен ата-ана арасына келісімшарт жасалады. Онда қос тараптың құқығы жазылған. Ал оны бұзғандар жауапкершілікке тартылады.

Дәуренбек Бақдәулет, тілш:

Кадр тапшылығы, мектеп жетіспеушілігі әлі де өткір. Өйткені халық саны өсіп, ауылдан қалаға ағылушылар артқан. Яғни урбанизация қарқынды жүріп жатыр. 2 жылда 300 мектеп салынуы тиіс. Оның құрылысына 400 миллиард теңге қажет. Министр біз бұл істі жалғастырамыз деді.