$464.71 €531.26 ₽6.05
×

Қытайда «Бави» тайфунына байланысты шектеу шаралары енгізілді

Қытайда «Бави» тайфунына байланысты шектеу шаралары енгізілді
Фото: Синьхуа агенттігі

Тайфунның шығыс жағалауға жақындауына байланысты көлік қозғалысы шектеліп, кәсіпорындар мен оқу орындарының жұмысына уақытша өзгерістер енгізілді

Биылғы маусымдағы тоғызыншы тропикалық циклон – «Бави» тайфуны Қытайдың шығысындағы Чжэцзян провинциясының жағалауына жақындап келеді. Табиғи апатқа дайындық шаралары ең алдымен Вэньчжоу қалалық округінде күшейтілді.

Синьхуа агенттігінің мәліметіне сүйенсек, 11 шілде күні сағат 16:00-дегі мәлімет бойынша, Вэньчжоуда тұрғындарды уақытша орналастыру үшін 2801 эвакуациялық пункт ашылған.

Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ашық аспан астында өтетін барлық бұқаралық іс-шаралар тоқтатылып, кәсіпорындардың, білім беру ұйымдарының жұмысы және көлік қатынасы уақытша шектелді.

Жергілікті билік тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға және ресми ескертулерді мұқият бақылауға шақырды. Себебі тайфун жағалауға қарай жылжуын жалғастырып жатыр.