Атырауда қайын жұртын асқан айуандықпен қырып тастаған күйеу бала өмір бойы бас бостандығынан айырылды. Елді дүр сілкіндірген қылмыстық іске облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты нүкте қойды. Сотта Сұлтан Сәрсемалиев өзін әдеттегідей еркін ұстады. Судьяның бұған дейінгі ескертуіне қарамастан, кей кезде езу тартып, күліп отырды.
БАЗАРГҮЛ НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
5 ай тергеліп, екі ай сотта қаралған қылмыстық іске бүгін нүкте қойылды. Судья Зарема Хамидуллинаның айтуынша, аймақта бұрын-соңды бір отбасын түгелдей ажал құштырған мұндай ауыр қылмыс болмаған. Сотқа қос тараптың туыстары түгел жиналды.
Сот хатшысы алдын-ала үкім оқылған кезде тыныштық сақтап, эмоция көрсетпеуді ескертті. Бірақ марқұмның туыстары көз жасын тия алмады. Судья Сұлтан Сәрсемалиевті тағылған 13 айып бойынша түгелдей кінәлі деп таныды.
ЗАРЕМА ХАМИДУЛЛИНА, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДАРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:
ҚР ҚК 58 БАБЫНЫҢ 4-бөлігіне сәйкес, қылмыстардың жиынтығы бойынша, Сұлтан самиғоллаұлы Сәрсемалиевке түпкілікті өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жаза өтеу орны С.Сәрсемалиевке қылмыстық атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесі белгіленсін. Сәрсемалиевке қолданған бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылсын. Жаза өтеу мерзімі үкім заңды күшйне енген күннен бастап енгізілсін.
Сот үкімі бойынша Сұлтан Сәрсемалиев марқұмдардың зейнетақысы мен әлеуметтік жәрдемақысын мемлекетке түгел қайтарады. Сондай-ақ жәбірленуші тараптың талап арызын ішінара қанағаттандырып, 40 млн моралдық шығын өтеуге міндеттеді. Сотталушы өзін сотта еркін ұстап, тіпті езу тартып, күліп отырды.
ЗАРЕМА ХАМИДУЛЛИНА, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДАРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:
Сіз әлі күнге дейін өз әрекетіңіздің қоғамға қауіптілігін түсініп отырмаған сияқтысыз. Және өзіңізді қанша ақтауға тырыссаңыз да сіздің әрекетіңіз ешқандай заңның алдында ақтауға келмейді.
Ал отбасында тірі қалған жалғыз Ақбаян Мұқанғалиеваға қазір психикалық денсаулық орталығында ем алып жатыр. Оған мамандар динамикалық бақылау мен диффференциалдық диагоностика қажеттігін анықтады.
Қылмыстық іс бойы жәбірленуші тараптың өкілі болған Әдемі Шылмағамбетова сот процесінен шыға сала көз жасына ерік берді. Сұлтан Сәрсемалиевтің адвокаты болса, аппеляциялық арыз түсіру туралы ойланатынын айтты.
ӘДЕМІ ШЫЛМАҒАМБЕТОВА, МАРҚҰМДАРДЫҢ ТУЫСЫ:
Үкімге әділ жаза берді деп айтамын. Хамидуллинаға рахметімді айтамын. Халқыма бәріне рахметімді айтамын. Әділ жазасын алды деп. Алдағы уақытта да Ақбаянның мәселесі шешілуін қалаймын. Әзірге үкіметте болғанын қалаймыз. Шешесі жазылғаннан кейін алдағы уақытта баласын өзінің қойнына алады ғой.
АСАН ЖҰМАБАЕВ, СОТТАЛУШЫНЫҢ АДВОКАТЫ:
Әркімнің қорғалуға құқығы бар. сондықтан алда ойланатын 15 күн уақыт бар ғой берілген сотпен. Сол кезде белгілі болады. Қорғануға құқы бар ғой әркімнің де. Сотталғанмен «лі күшіне енген жоқ қой. Әлі үкім күшіне енген ждоқ. Бүгін ғана жарияланды. Оны алдағы уақытта көреміз.
Айта кетейік, 30 жастағы Сұлтан Сәрсемалиев бұрынғы қайын атасы мен енесі Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваны және әйелінің қос бауыры Наурыз бен Мейрамгүлді өлтіріп, көміп тастаған еді.
БАЗАРГҮЛ НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Судья сондай-ақ жеке қаулы шығарып, кәмелетке толмаған бес балаға қатысты шешімді қабылдауды қалалық білім басқармасына жүктеді. Ал марқұмдардың иесіз қалған шаңырағының мәселесін Қызылқоға ауданы әкіміне тапсырды. Бір отбасын түгелдей қырып салып, өз балаларының тағдырын талқандаған Сұлтан Сәрсемалиев жазасын төтенше қауіпсіз мекемесінде өтейтін болады.