Алматы тұрғыны өзінің танысын аңшы мылтығымен атқан. Оқиға Түрксіб ауданында болған. Тергеу мәліметінше, тойханада екі таныс жанжалдасып қалған. Дау сол жерде аяқталды дегенмен, біраз уақыттан соң бірі қарсыласының үйіне қайта барыпты. Кезекті сөзге келісу барысында үй иесі аңшылық мылтықты алып шығып, ер адамға оқ атқан. 31 жастағы жәбірленуші шұғыл ауруханаға жеткізілді. Адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.