Құрылтай депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталды. Орталық сайлау комиссиясы 4 тұлғаның құжатын кері қайтарғанын мәлімдеді. Нәтижесінде 7 саяси партиядан барлығы 546 үміткердің құжаты қабылданды. Биыл сайлауға алғаш түсіп отырған Әділет пен Байтақ партиялары әр үміткер үшін 1 млн 275 мың теңге жарна төлейді. Ал Мәжілістің VIII шақырылымда өкілдігі болған 5 партия бұл міндеттен босатылды.
МИХАИЛ БОРТНИК, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
«Әділет» партиясы 186 кандидатын тіркеу үшін 237 млн 150 мың теңге аударуы қажет. Ал 47 кандидат ұсынған «Байтақ» партиясы 59 млн 93 мың теңге төлейді. Осылайша, қос партияның сайлау жарналарының жиынтық сомасы шамамен 297 млн теңгені құрайды. Заңға сәйкес, саяси партия сайлауда 5 проценттен кем емес дауыс жинаса, бұл қаржы оларға қайтарылады.
Үкімет 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын ұйымдастыруға резервтен 34,3 млрд теңге бөлген. Саяси науқанға мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кедергісіз келіп, дауыс беруіне барлық жағдай жасалмақ.