Қарағандыда ЖИ арқасында «АҚЫЛДЫ ЖАЯУ ЖҮРГІНШІ» пайда болды. Қондырғы бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кете беретін азаматтарды азайтып, жаяу жүргіншілердің өмірі мен денсаулығын сақтауды көздейді. Қондырғы - цифрландыру және жасанды интеллект жылына орай қойылған аппараттардың бірегейі. Адам ең көп жүретін орталық саябақтың дәл алдына қойылды. Ақылды аппарат заң бұзған жаяу жүргіншілерді түсіріп ақпаратты дереу осындай полиция бекетіне жібереді. Мамандардың айтуынша аптасында 7-8 адамға айыппұл арқалайды.
ЕЛЖАС ЖАРТЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ӘПБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Жаяу жүргінші бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен жағдайда біздің бекеттегі полиция қызметкерлеріне хабарлама келеді. Полиция қызметкерлері шығып жаңағы жаяу жүргіншіні тоқтатып планшет арқылы электрондық хаттама толтырады. ӘКҚБК- нің 615- інші бабына сәйкес 2 АЕК айыппұл салынады.
Өңірде бұдан басқа бағдаршам жоқ жерде көлік жүргізушілерінің жаяу жүргіншілерді өткізуін бақылайтын 22 «Аргус-пешеход» қондырғысы бар. Соңғы 1 жарым жылда ондай камералар орнатылған жерлерде бірде- бір адам қағу фактісі болмаған. Осылайша цифрландырудың жол- көлік оқиғаларын азайтуға септігін тигізген. Аймақта бүгінде барлығы 198 аппараттық кешен жұмыс істейді.