Adv pic
$474.47 €503.51 ₽4.88
×

«Теңізшевройл» компаниясы мұнай өндірісін рекордтық деңгейге жеткізді

AstanaTV
21.02.2018ж. 20:00
2537
«Теңізшевройл» компаниясы мұнай өндірісін рекордтық деңгейге жеткізді

«Теңізшевройл» компаниясы мұнай өндірісін рекордтық деңгейге жеткізді. Бұл туралы Капитал кз хабарлады.  Былтыр 28 миллион 700 мың тонна шикі мұнай өндірілген. Бұл Қазақстан мұнай нарығындағы ең жоғарғы көрсеткіш. Осылайша компания мұнай-газ саласындағы көшбасшылығын сақтап отыр. Өткен жылы Қазақстанға тікелей төлем 8,5 миллиард долларды құраған. Оның 2,5 миллиарды қазақстандық тауар мен қызмет ақысы. Қазақстан-Америка бірлескен кәсіпорны 1993 жылдан бері Қазақстан экономикасына 125 миллиард доллар салған. Бұған дейін жұмысшылардың 50 пайызы қазақстандық болса, былтыр бұл көрсетікiш 83 пайызға жеткен.