$510.84 €579.7 ₽6.39
×

Бишімбаев кадр таңдауда қателескен бе?

AstanaTV
21.02.2018ж. 20:00
2508
Бишімбаев кадр таңдауда қателескен бе?

"Бишімбаев кадр таңдауда қателескен. Оның сенгіштігі мен аққөңілдігін көп адам пайдаланып кетті". Бүгін сот алдында экс-шендінің әйелі осылай деп мәлімдеді. Назым Бишімбаева сот талқылауында күйеуінің қоғамдық қорғаушысы ретінде сөз алған. Атышулы іске қатысты біраз деректерді келтірді. Өз айтқандарын дәлелдеу мақсатында  бірнеше айғақтары бар суреттерден құралған слайд көрсетілімін жасады. "Бишімбаев Қазақстандағы шыны зауытының өндірістік бағдарламасын іске асыруға үлес қосқысы келді. Қызылордада жұмыс орындарын ашатын шыны зауыты салынғанын қалады", - дейді экс- шенеуніктің әйелі. Сонымен бірге, істі  тергеу кезінде, көптеген эпизодтарда қателікке жол берілгенін де қоса кетті.

Назым Бишімбаева:

Ол кадрлық жұмысқа толық назар аудармады. Адамдарды таңдауда қателескен. Менің ойымша, адамдар оның ақкөңілдігін пайдаланып кеткен. Оған айып ретінде тағылған қылмыстарды ол жасамады деп айта аламын. 

Бишімбаев пен өзге де 22 фигурантқа қатысты іс төрт айдан бері сотта қаралып жатыр. Осы уақытта барлық сотталушының, куәгерлердің, іс материалын зерттеп жатқан өкілдердің пікірі тыңдалды.

Айта кетейік, ұлттық экономика экс-минситрі Қуандық Бишімбаевқа  "Пара алу", "Сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін иелену немесе талан-таражға салу" баптарымен айып тағылған.

Диана САПАРҚЫЗЫ