Жыл басынан бері Ботаникалық саябақта қоғамдық тәртіп бұзған 700-ден астам азамат жауапқа тартылған. Күн ысып, жазғы демалыс маусымы қызған тұста елордалықтар бұл жерге жиі ағылады. Алайда, келушілердің бәрі бірдей тәртіп сақтай бермейді. Әсіресе, алкоголь өнімдерін тұтынып, артынан қоқыс қалдыратындардың қатары азаймай тұр.
АЙДОС МОМБИЕВ, ЕСІЛ АУДАНЫ ПБ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Тәртіп бұзушылықтар болады, оның ішінде мас күйде жүретін азаматтар болады. Ол бойынша да жауапкершілік қарастырылған. Күн ыстиықта кейбір тұлғалар осында келіп алкогольді ішімдіктер ішкен. Ол бойынша да әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Өздерінің алып келегн заттарын қалдырып кетеді, яғни қоқыстар. Сол бойынша да жауапкершілікке тартылған.
Мұндай заң бұзушылықтардың алдын алу үшін тәртіп сақшылары арнайы рейдтерді жиілеткен. Мамандардың айтуынша, ереже бұзғандарға бірден айыппұл салынбайды, алдымен түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Бұл бағыттағы шараларға қалалық мәслихат депутаттары мен белсенділер де белсене қатысуда.
АРСЛАНБЕК МАҒЗҰМ, АСТАНА ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
Ол - бізде жүйелі түрде күн сайын жүргізілетін жұмыс. Онң басты мақсаты - "Заң мен тәртіп" аясында осы қоғамдық тәртіп бойынша жалпы осындай қандай да бір қоғамдық жерлерде қалай өзін дұрыс ұстау бойынша, тәртіп бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.